1 мамыр күнгі ауа райы мәліметі

1 мамыр күнгі ауа райы мәліметі Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бүгін қазақстандықтар ұлттық бірлік мерекесін тойлайды.


Қалаларда түрлі мәдени шаралар өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


"Қазгидромет" РМК синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында мереке күні ауа райы қандай болатынын болжады.


Мамандардың мәліметінше, Астанада көшпелі бұлт шығады. Түнде жаңбыр, қар жауып, тұман түсуі мүмкін.



"Түнде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 9-11 градус жылы.", делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.



Алматыда да қолайсыз ауа райы сақталады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.



"Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 20-22 градус жылы болады", - дейді мамандар.



Ал Шымкентке келсек, 1 мамырда жауын-шашын болмайды.



"Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа бұрылып, 8-13, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 25-27», деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.



Бұған дейін синоптиктер мамыр айының басында бүкіл елде ауа температурасы төмендейді деп болжаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42