10 қалалық емхана тұрғындарға профилактикалық тексеру жүргізді

10 қалалық емхана  тұрғындарға  профилактикалық тексеру жүргізді Cурет: 10 қалалық емхана

10 қалалық емханасы Алматы қаласы «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылығымен бірлесіп, орталық тұрғындарына профилактикалық тексеруді сәтті ұйымдастырды.


Шара аясында 10 қалалық емханасы мамандары емханада тіркелген орталықтың 306 тұрғынын қабылдаудан өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Тұрғындарға медициналық көмектің барынша ыңғайлылығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін емхана басшылығы мамандандырылған дәрігерлер, соның ішінде кардиологтың, офтальмологтың, эндокринологтың, маммологтың, урологтың, невропатологтың, инфекционисттің, хирургтың және дерматологтың қарап тексеруін ұйымдастырды.



Тексеру барысында мамандар қажетті зерттеулерді, соның ішінде қандағы глюкоза деңгейін өлшеуді жүргізіп, білікті көмек көрсетті және белгіленген диагноздарға сәйкес әрі қарай емдеуге ұсыныстар берді.



Орталық тұрғындары мен басшылығы 10 қалалық емханасы басшылығына, клиникалық диагностикалық көмек беру бөлімінің меңгерушісі Г.А.Бөгенбаеваға, сондай-ақ іс-шараға қатысқан барлық мамандарға жоғары баға беріп, кәсіпқойлығы, әр пациентке қамқорлығы мен көңіл бөлгені үшін. алғыстарын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38