17,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

17,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды Сурет: Informburo.kz

1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 87,7 мың этникалық қазақ оралды.


2021 жылдың басынан бері 17,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 17 358 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 87,7 мың этникалық қазақ оралды.


Биылғы жылдың басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (76,2%) Өзбекстаннан, 9,7% – Қытайдан, 6% – Түрікменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 5,7% басқа елдерден оралған. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,3%), Түркістан (13,4%), Маңғыстау (19,1%) және Жамбыл (7,8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,5%) қаласына қоныстанды.


1 желтоқсандағы жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны - 55,2%, еңбекке қабілетті жастан кіші - 28,1% және зейнеткерлер - 16,8% құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,1% жоғары білімді, 40,2% орта кәсіби білімді, 45,5% жалпы орта білімді және 3,1% білімі жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19

12:10

11:47

11:30

10:57

10:06

09:34

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33