20 қараша. Ауа райы болжамы

20 қараша.  Ауа райы болжамы Cурет: Baq.kz

Елдің солтүстігі мен батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады


Қазгидромет 20 қарашада болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР солтүстігі мен батысында атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады – қар жауады, бұрқасын соғады, батыста көктайғақ болады. Қалған аумақта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.


Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, Алакөл көлдері ауданында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.


Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.


Қостанай облысының шығысында жаяу бұрқасын, тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының солтүстігінде 15-20 м/с жел күшейеді, түнде жаяу бұрқасынмен болады.


Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Түнде Қарағанды облысының батысында тұман, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с.


Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:10

11:47

11:30

10:57

10:06

09:34

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19