27 шілдеге арналған ауа райы болжамы

27 шілдеге арналған ауа райы болжамы Сурет: Ашық дереккөз

Ыстықтың беті қайтпайды


Синоптиктер еліміз бойынша 27 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Республиканың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қазақстан Республикасының батысында, солтүстік-батысында, солтүстік жартысында жаңбыр жауады, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі»,-делінген «Қазгидромет» РМК таратқан мәліметте.



Республикада жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.


Күндіз Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Ұлытау, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Абай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.


Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07