50-ші жолдама

50-ші жолдама Сурет: ҰОК

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Эльжана Таниева Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді.


Бұл ел қоржынына түскен 50-ші жолдама, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



Отандасымыз көпсайыс қорытындысы бойынша 133.40 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Жарыс ережесі бойынша, квота тек қана алтын медаль алған спортшыға беріледі. 


Осылайша Эльжана Таниева Азия чемпионатының алтын медалімен бірге, Олимпиада ойындарының жолдамасын да жеңіп алды. 


Тағы бір қазақстандық спортшы Айбота Ертайқызы жарысты бесінші орынмен аяқтады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37