6 мамырда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады

6 мамырда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

ҰБТ-ға қатысу биылғы мектеп түлектері үшін тегін, басқалары 5640 теңге төлейді.


Негізгі ҰБТ-ға тіркелу 6-14 мамыр аралығында www.app.testcenter.kz сайты және UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


ҰБТ өткізу мерзімі: 2024 жылғы 16 мамыр – 5 шілде. 2024 жылғы мектеп түлектері үшін негізгі ҰБТ-ға тіркелу тегін, сондай-ақ, Қазақстанда 2024 жылы мектеп бітіруші қандастарға да тегін.


Ал басқа санаттағы тест тапсырушылар үшін (колледж түлектері, өткен жылғы түлектер, шетелде бітіруші қандастар, шетелде білім алған ҚР азаматтары) ҰБТ-ға қатысу құны – 5 640 тг. Екі рет тіркелсеңіз, екі рет төлем жасайсыз.


Тестілеу күнін үміткер өзі таңдайды, қолжетімді күндердің ішінен (колледж түлектері, өткен жылғы түлектер, шетелде бітіруші қандастар, шетелде білім алған ҚР азаматтары үшін 6 дата қолжетімді) кез-келген екі датаны таңдай аласыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04