Әлем чемпионы жасөспірімдермен жүздесті

Әлем чемпионы жасөспірімдермен жүздесті Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемеде Джи-джитсудан 6 дүркін әлем чемпионы, 3 дүркін Азия чемпионы, Дүниежүзілік ойындардың чемпионы, ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ерлан Тілеуімбетов балалар колониясында жазасын өтеп жатқан жасөспірімдермен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ерлан Қанатұлы спорттық жолын 1996 жылы өзінің алғашқы және тұрақты жаттықтырушысы Қанат Тілеуімбетовтің басшылығымен бастағанын, сондай-ақ қазіргі күнге дейін жеткен жетістіктері, бағындырған белестері туралы әңгімеледі.


Ол өмір жолын баяндай отырып, жасөспірімдерді жаман әдеттерден алыс болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, қоғамға пайдасы тиер жақсы азаматтар болып шығуларына тілектестігін білдірді.


Иә, мұндай кездесулер жазалы жасөспірімдер үшін ауадай қажет. Екіжақты диалог, пікір алмасу кеші ҚР Премьер-Министрінің өкімімен бекітілген "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріндегі сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын" іске асыру аясында ұйымдастырылды.  


Іс шара соңында САӘПТЖБ бөлімінің бастығы әділет подполковнигі  Алма Бәзілбаева мейманға алғысын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23