Әлеуметтік маңызы бар көкөністер қымбаттап жатыр

Әлеуметтік маңызы бар көкөністер қымбаттап жатыр Сурет: интернеттен

Қымбаттаудың көшін бастап тұрған пияздың бағасы 4,2%-ға артқан.


Бұл - 2023 ж. ақпанынан бері ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сілтеме жасап.


23-30 сәуір аралығында пияз, картоп, қырыққабат және сәбіздің бағасы көтерілді.


Екінші орында 2,2%-ға қымбаттаған картоп тұр. Қазіргі қарқыны - 2023 ж. маусымының аяғынан бері ең жоғарысы.   


Қырыққабат бағасы 1,8%-ға өскен.


Сәбіз тек 0,3%-ға қымбаттаған. Десе де, бұған дейін үш апта қатарынан бағасы орта есеппен 1,3%-ға көтерілген. 



Бұл жағдайдың себебі - маусымаралық кезең. Қазақстан өзін жеткілікті түрде базалық көкөністермен қамтамасыз ете алады. Бірақ қажетті климаттық жабдықтармен жабдықталған көкөніс қоймаларының тапшылығынан зардап шегеді. Сол себепті күзде жиналған өнім күн жылығанда бұзыла бастайды. Сәйкесінше, ұсыныстар азайып, бағалары қымбаттай бастайды. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04