АҚШ пен Канадада осы демалыста 50 градусқа дейін аяз болады

АҚШ пен Канадада осы демалыста 50 градусқа дейін аяз болады сурет:delfi.ee

Мұндай ауа райында 10 минутта үсіп қалу мүмкін.


Канада мен АҚШ-та 100 миллионға жуық тұрғын осы демалыс күндері қатты аязға тап болады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz BBC сілтеме жасап.



«Солтүстік Американың кей аудандарына Арктикадан суық жел келеді, кей жерде ауа температурасы -50°С сияқты сезіледі, мұндай ауа райында 10 минутқа жетер-жетпес уақытта үсіп қалу мүмкін», - деп мәлімдеді метеорологтар.



Метеорологтар Орталық Канада мен Американың солтүстік-шығысындағы көптеген штаттардың тұрғындарына үйден шықпауға кеңес берді.


Дүйсенбіден бері АҚШ-та қолайсыз ауа райынан 11 адам қайтыс болды.


Бостонда да аязды жел, қазіргі уақытта қала қызметтері төтенше жағдай режимінде жұмыс істеп тұр. Атап айтқанда, қалада мемлекеттік мектептер жабылып, адамдар жылынуға келетін арнайы орталықтар ашылды.


Канаданың бірнеше аймағында температура -38 градус аяздан -50 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19

12:10

11:47

11:30

10:57

10:06

09:34

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33