Алматы ауруханаларында мыңға жуық адам COVID-19 дертінен емделіп жатыр

Алматы ауруханаларында мыңға жуық адам COVID-19  дертінен емделіп жатыр Сурет: Ria.ru

Оның ішінде 50 бала емделіп жатыр.


Алматыда бір тәулікте 580 адам коронавирус жұқтырды. Оның 534-і симптомдық белгілермен және 46-сы симптомсыз, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.


Жазылып шыққандар саны 160 болса, 72 адам ауруханаға жаңадан түсті. 3 310 төсек-орны бар инфекциялық стационарларда 932 адам, оның ішінде 50 бала емделіп жатыр. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 78 адам жатыр. 20 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.



«Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 24 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 18 аппарат жұмыс істейді»,- делінген Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.



Медициналық-санитарлық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 668 пациент бар. Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда 3 431 науқас, симптомсыз 237 науқас бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04