«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында аясында «Мусорги» флешмобы өтеді

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында аясында «Мусорги» флешмобы өтеді Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Ағымдағы жылдың 8 мамырында сағат 12.00-де Алматыда «Мусорги» флешмобы өтеді. Арт-жобаны 101 Dump Gallery креативті тобы ұйымдастырады. Акция экологиялық мәселелерге назар аударуға және халықты айнала қоршаған ортаны  таза ұстауға ынталандыруға арналған.


Флешмоб келесі бағыттар бойынша өтеді:


* сағат 12.00-де Панфилов көшесі бойымен Қабанбай батыр көшесінен Жібек Жолы даңғылына дейін; 
* сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін Панфилов көшесінен Абылай хан даңғылына дейін;
* сағат 14.00-де Жібек Жолы даңғылы-Байсейітова көшесінің қиылысында мәрелік қойылым өтеді.


«Мусорги» - бейсаналық тұтынуды, ұтымсыз пайдалануды және табиғи ресурстарға жауапсыздықты білдіретін ойдан шығарылған кейіпкерлер. Мысалы, «Әуе ханшайымы» ауаның ластануын, ал «Коқыс бике Мұнайбайқызы» - Алматының көрнекі орындарын ластайтын, оның ішінде мұнай өңдеу өнімдерінен, пластик пакеттерден, бөтелкелерден және т.б. жасалған  қоқысты білдіреді.



Флэшмоб аясында қала аудандарының саны бойынша барлығы 8 кейіпкер ұсынылады. Оларды жасауға экобелсенділер, суретшілер және бей-жай қарамайтын қала тұрғындары қатысты. 


Флешмоб «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқанының аяқталуына орайластырылған және қаланың экологиясы мен орнықты дамуы жөніндегі бастамаларды қолдауға бағытталған. 



Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматы қаласында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады. Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа қала бойынша орналастырылған баннерлер, постерлер, афишалардағы арнайы QR-код арқылы кіруге болады.



Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04