Алматы газдандыру бойынша елімізде бірінші орында тұр

Алматы газдандыру бойынша елімізде бірінші орында тұр Сурет: Janalyq.kz

Бүгінгі таңда Алматы қаласы газдандыру деңгейі бойынша елімізде бірінші орында. Шамамен 2 млн тұрғын табиғи газға қол жеткізген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.



Қаланы газдандыру «ҚазТрансГаз Аймақ» Алматы өндірістік филиалының инвестициялық бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. «2017-2021 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама шеңберінде 12 млрд теңге қаржыландыру сомасына 265 км газ құбыры салынды, 114,4 км қолданыстағы газ құбыры реконструкцияланды, 40 шкафтық газ реттеу пункті, 3 газ реттеу блок пункті және 63 бірлік электр-химиялық қорғау станциялары орнатылды»,- деді брифинг барысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.



Министрдің айтуынша, бұл шаралар сенімді тасымалдауды қамтамасыз етіп қана қоймай, 4 мың жаңа абонентті газбен қамтуға мүмкіндік берді. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бері 2124 үй қосылды, бұл қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізуде.



«2022-2026 жылдарға арналған жаңа инвестициялық бағдарлама 15,2 млрд теңге мөлшерінде бекітілді. Инвестициялық бағдарлама: - ұзындығы 158 шақырым газ құбырларын реконструкциялауға; - қосымша 355 абонентті газбен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 113 шақырым жаңа желілер салуға; - 111 бірлік электр-химиялық қорғау станцияларын және 53 бірлік шкафтық газ реттеу пункттерін реконструкциялауға бағытталған», - дейді министр.








Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07