Алматы қаласындағы ЛА-155/18 мекемесінде «Ашық есік күні» өтті

Алматы қаласындағы ЛА-155/18  мекемесінде «Ашық есік күні» өтті Cурет: ҚАЖД

Сотталғандар жақындарымен жүздесіп, қуанышқа бөленді


Бүгін Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/18 мекемесінде «Ашық есік күні» өткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл күні аталған мекемедегі шаруашылық қызметі жасағындағы сотталғандар жақындарымен жүздесіп, қуанышқа бөленді. 


Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған «Ашық есік күні» жазалылар аналары мен әпкелерін, қарындастары мен апаларын өз қолдарымен жасаған ашықхаттармен қарсы алып, оларға үлкен мерекелік көңіл-күй сыйлады. 


Жыл басында елімізде жарияланған Төтенше жағдайға және короновирус індетіне байланысты бас бостандығынан айыру орындарындағы жазалылар көптен бері жақындарымен бетпе-бет кездескен жоқ болатын. Бүгінгі «Ашық есік күні» ЛА-155/18 мекемесіндегі барыс жылғы алғашқы кездесу.



«Аталған мекемеде қазір 45 шаруашылық қызметіндегі сотталған жазаларын өтеуде. Шаруашылық қызмет көрсету жасағына ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 92-бабына сәйкес жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін, үкім бойынша жазасы бес жылға дейінгі, қылмысы орта дәрежедегі, денсаулығы еңбекке жарамды сотталғандар іріктеледі»,-делінген хабарламада. 



«Ашық есік күніне» келген 32 адам тек темір торда отырған туыстарымен жүздесіп қана қойған жоқ, олардың жататын және демалатын орындарын аралап және бір дастархан басында ас ішіп, мәре-сәре болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23