Алматы полицейлері шетелдік студенттерді ҚР заңнамасын бұзбауға шақырды

Алматы полицейлері шетелдік студенттерді ҚР заңнамасын бұзбауға шақырды Сурет: Polisia.kz

Алматыда полицейлер шетелдік студенттермен кездесті.


Кездесудің негізгі мақсаты – шетелдік студенттерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбауға шақыру, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Бүгінде Алматыда студенттер қауымы көп және 180 мың адамды құрайды. Олар 36 жоғары оқу орнында білім алып жатыр. 900 студент – шетелдіктер. Студент жастар кез келген қоғамның ең озық және ұйымдасқан бөлігі саналады. Жеке тәртіпті сақтап, оқуға келген елдің заңын бұзбау керектігін ескертемін. Студенттердің құқық бұзушылық жасауының негізгі себептері – қолданыстағы заңнама негіздерін білмеуі, құқықтық мәдениеттің төмен деңгейі, әлеуметтік және тұрмыстық мәселелер, қоғамдық пайдалы еңбекпен айналыспау және бос уақытты жеткіліксіз ұйымдастыру», – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.



Спикердің айтуынша, оқу жылының басынан бері Алматыда шетелдік студенттер 6 қылмыс жасаған. Осындай кездесулер Алматының Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарындағы жоғары оқу орындарында бір уақытта өтті.



«Біз шетелдік студенттер мен еліміздің қонақтарына Қазақстан Республикасының заңнамасы мен тәртібін сақтауға, елде болған кезде ұлтаралық және руаралық алауыздықты ұмытуға шақырамыз. Өйткені, сіздердің елде тұруларыңыздың басты басымдығы – оқу, білім алу», – деді Аханов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14