Алматыда Almaly Career Day мансап күні өтті

Алматыда Almaly Career Day мансап күні өтті Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Қала жастарын жұмысқа орналастыру үшін Алмалы ауданында Мансап күні өтті


Алматы қаласының Алмалы ауданында жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектерін, сондай-ақ қаланың жұмыссыз жастарын жұмысқа орналастыруға бағытталған Almaly Career Day мансап күні өтті.


Іс-шараны Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы ұйымдастырып, қаланың әр ауданында 8 Мансап күнін өткізеді.


Іс-шараға Алмалы Ауданы әкімі Шамшин Арман Нұржанұлы және Жастар саясаты басқармасының басшысы Мендіғалиев Қайыржан Ермекұлы қатысты.



«Бүгінде ауданда 14 пен 35 жас аралығындағы 83 мыңнан астам (83407) жас тұрады, оның ішінде NEET жастарының үлесі 4,7 мың (5,6%) құрайды. Жастарды жұмыспен қамту – олардың еңбек нарығына табысты интеграциялануын және өңірдің әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету жолындағы біз үшін маңызды тақырып. Мұндай іс-шараларды өткізу жастарды қолдау және NEET санатындағы жастарды азайтудағы маңызды қадам болып табылады», - деді Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин.




Іс-шараға 70-тен астам (АО «BI Group», АО «ForteBank», АО «Kaspi Bank», АО Банк Центр Кредит, АО «Казпочта» и т.с.с.) IT, қаржы, білім беру және т.б әртүрлі саладағы жетекші компаниялар және 2 мыңнан астам жастар қатысты. Қатысушылар арасында бос жұмыс орындарын ұсынуға дайын ірі корпорациялар да, перспективалы стартаптар да болды.



«Жастарды жұмыспен қамту үшін Қалалық мансап орталығы ашылып, өзекті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстар басталды. «Jas Almaty» мобильді қосымшасы іске қосылды. Сонымен қатар, қаламыздың әр ауданында 8 комьюнити-орталық ашылды. Әр орталықта жұмысқа орналастыру бойынша консультанттар көмек көрсетеді. Дәл осындай Мансап күндер әр ауданда өткізу жоспарлануда. Келесі Мансап күні 10 мамырда Медеу ауданында «Көк базар» сауда аумағында өтеді», - деді Жастар саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Меңдіғалиев.




Айта кетейік, Мансап күндері - бұл үздік компаниялар өздерінің бос жұмыс орындары мен дарынды мамандар үшін мүмкіндіктерін ұсынатын алаң. Айдың соғына дейін осындай бос орындар жәрмеңкесі қаламыздың барлық аудандарында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36