Алматыда бағаны тұрақтандыру шаралары қабылданды

Алматыда бағаны тұрақтандыру шаралары қабылданды almaty-akshamy.kz

Алматы әкімдігі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру үшін қандай шаралар қабылдап отыр


Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, биыл тамыз айында жылдық инфляция азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқынын 11,3%-ға дейін төмендету есебінен 13,7%-ға дейін баяулады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 


Биыл 1 қыркүйектен бастап Алматы облысының фермерлерінен «форвардтық» сатып алу арқылы сатып алынған 20 мың тонна көкөністі, оның ішінде 2,2 мың тонна қырыққабатты сату басталды. 2023 жылдың тамызы мен 2024 жылдың шілдесі аралығында 2,5 мың тонна күріш жеткізуге келісімге қол қойылды, Алматы облысының фермерлерінен қосымша 1 мың тонна күріш сатып алу пысықталып жатыр. Сауда желілеріне, сонымен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге «айналым қарыздары» аясында қарыздар бөлінеді. ӘМАТ-қа 15% сауда үстемесінің сақталуы бойынша мониторинг жүргізіліп келеді.


Бағаның өсуін теңестіру мен тапшылықты болдырмау үшін 2023 жылдың соңына дейін тоннасына 90 мың теңге бағамен 10,3 мың тонна астық жеткізу үшін 460 млн теңге кейінге қалдырылған. 



«Көкөністерді жеткізудің қолданыстағы шарттарына қосымша қазан айында Түркістан облысынан қырыққабат, сонымен қатар, Қарағанды және Павлодар облыстарының фермерлерінен картоп пен сәбіз сатып алу пысықталады. Жамбыл облысының өндірушілерімен 1 мың тонна пияз жеткізу туралы меморандумға қол қойылды», - деді басқарма өкілдері.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38