Алматыда бірнеше коммерциялық нысан бірден бұзылды

Алматыда бірнеше коммерциялық нысан бірден бұзылды Cурет: Алматы қ. Қала құрылысын бақылау басқармасы

Сот шешімі бойынша қоғамдық тамақтандыру нысандары мен дүкен бұзылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Түркебаев көшесі, 88 - үй бойында орналасқан ғимаратты жоспардан тыс тексеру  кезінде басқарма қосалқы нысанның рұқсат құжаттарынсыз  салынғанын анықтады.



Меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, ҚР ӘҚБтК 316-бабы 1-бабы, 321-бабы, 323-бабы бойынша шаралар қабылданды.


2023 жылдың 18 мамырында АЭАС-қа бұзу туралы талап қойылды, оны сот қанағаттандырды. 


Кейін меншік иесі апелляциялық шағым берді, алайда бірінші сатыдағы соттың шешімі Алматы қалалық сотының 2023 жылғы 17 қазандағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылды.


Бүгін нысан сот орындаушыларының қатысуымен сүрілді.


Айта кетерлігі, бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев заңсыз құрылысты бақылауды күшейтуді тапсырған болатын. 


Жалпы, қала бойынша талап қою қызметінің нәтижелеріне сәкес жылдан бастап 28 заңсыз нысан, оның ішінде бизнес-орталықтар, мейрамханалар, қосалқы нысандар мен автосервистер, сондай-ақ «Мечта» және KHAN сияқты ірі тұрғын үй кешендері бұзылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55