Алматыда Summer Run жүгіру жарысы өтеді

Алматыда Summer Run жүгіру жарысы өтеді Сурет: Мassaget.kz

Жарысқа almaty-marathon.kz сайтында тіркелуге болады.


Бүкіл отбасымен бірге қатысуға болатын Summer Run кешкі жылы қалада жүгіру жарысы 17 шілдеде өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қолжетімді қашықтықтар: 12 шақырым, 8 шақырым скандинавиялық жүріс, 500 метрге, 1 және 3 шақырымға балалар жарысы (6 жастан асқан балалар).


Жарыс «Almaty ARENA» мұз сарайының аумағында өтеді және қатысушыларды күннің батуының әдемі көрінісімен қуантады. Тіркелу almaty-marathon.kz сайтында қолжетімді.


12 шақырым, 3 шақырым, 1 шақырым, 500 метр қашықтықтарда жас санаттарындағы жеңімпаздар медальмен, грамотамен, ақшалай және бағалы жүлделермен марапатталады. Жарыстың мәреге жеткен барлық қатысушылары естелік медалін алады.


Сонымен қатар, қазіргі уақытта 7 тамызда өтетін Visa Tour of World Class Almaty велосипед жарысына, 25 қыркүйекте өтетін «Алматы марафонына» және 30 қазанда өтетін Turkistan Marathon жарысына тіркелудің ашық екенін естеріңізге саламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38