Алматылықтар Әлия мен Мәншүкке тиесілі сирек заттарды тамашалады

Алматылықтар Әлия мен Мәншүкке тиесілі сирек заттарды тамашалады Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Орталық мемлекеттік мұражай Жеңіс күніне орай «Қазақтың батыр қыздары» атты көшпелі көрме өткізді. 



Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері мен ұстаздарына Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспанованың фотосуреттері, хаттары, жеке құжаттары мен жеке дүниелері секілді музей қорындағы құнды жәдігерлер ұсынылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


көрме

Көрме қонақтары сирек кездесетін заттарды — Мәншүк Мәметованың көйлегін, студент кезінде киген медициналық халатын және басқа заттарды тамашалай алды. 

көрме


Қ.Сәтбаев атындағы Алматы гимназиясында өткен «Жеңіс рухына тағзым» көрмесінде ІІ дүниежүзілік соғыс батырлары — Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев, Сағадат Нұрмағамбетов және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың фотосуреттері, бағалы құжаттары және басқа да жеке заттары ұсынылды.


көрме


Шара барысында қонақтарға батырлардың өмірі мен ерлігі туралы баяндалды. 


Атап айтқанда, оқушылар Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың әскери киімімен, Рахымжан Қошқарбаевтың наградаларымен және мұрағат құжаттарымен танысты. 


көрме

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14