Алматының даму көрсеткіштері жоғары

Алматының даму көрсеткіштері жоғары almaty-akshamy.kz

 Алматыда өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі жыл басынан бері 21,7%-ға өсті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


2023 жылдың қаңтар – тамыз айларының қорытындысы бойынша Алматы қаласында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсу қарқыны жоғары.


Экономиканың негізгі алты саласының (өнеркәсіп, сауда, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс қызметтері, құрылыс, ауыл шаруашылығы) серпінін сипаттайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 115,2% -ды құрады.


 Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 21,7% өсіммен 1 303,8 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, бұл елдегі ең жоғары өсу қарқынын көрсетті (+3,8%). Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі 20,2% - ға 1 117,6 млрд. теңгеге дейін өсті.


Құрылыс 3,8% - ға өсті, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 322,3 млрд.теңгені құрады. 2023 жылғы қаңтар-тамызда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,5% өсіммен 1 486,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.


Бөлшек тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2% - ға ұлғайып, 3 525,8 млрд. теңгені құрады. Көтерме сауда айналымы 20,3%-дық  өсіммен 9 455,6 млрд. теңгені құрады.


Көлік және қойма қызметтері 16,5% – ға, ақпарат пен байланыс 3,3% - ға өсті.


2023 жылғы қаңтар – тамызда қала экономикасына негізгі капиталға 876,9 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл ретте жеке инвестициялар 2022 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 4,8% - ға өсті.


Ағымдағы жылдың тамыз айында іскерлік белсенділік индексі 55,2% - ды құрады және республика бойынша көшбасшы орын алады.


Сыртқы сауда айналымы (ЕАЭО елдерінсіз) 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 34,6% өсіммен $1 14 369,4 млн құрады. Бұл ретте экспорт 23,8% - ға ұлғайып, $2 605,2 млн құрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04