Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты

Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты Сурет: Olympic.kz

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Жарыстың 8-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге екінші айналымда испаниялық Алена Большова - норвегиялық Ульрикке Эйкеримен кездесті.


Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:1, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Олар 3 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.


Анна Данилина мен Беатрис Хаддад Майя ширек финалға шығу үшін доданың 10-ракеткалары, америкалық Николь Меличар-Мартинес - аустралиялық Эллен Переспен таласады.


Ерлер арасында жұптық сында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ.


Александр Бублик даниялық Хольгер Рунемен бірге екінші айналымда тартысты матчта франциялықтар Кентен Гали - Адриан Маннариноға есе жіберді - 3:6, 7:5, 6:7 (8:10).


Александр Недовесов пәкстандық Айсам Курешимен бірге чемпионаттың 3-ракеткалары, сальвадорлық Марсело Аревало - нидерландылық Жан-Жюльен Ройерден ұтылып қалды - 0:6, 3:6.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04