«Аssyltas» қоғамдық қоры 5 млн-ға дейін көмек береді

«Аssyltas» қоғамдық қоры 5 млн-ға дейін көмек береді Сурет: «Аssyltas» қоғамдық қоры

«Аssyltas» қоғамдық қоры 21 мен 35 жас аралығындағы ҚР Республика азаматтарына 5 млн-ға дейін қайтарымды көмек береді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


 «Құрметті  жас кәсіпкерлер, Сіздер үшін тамаша мүмкіндік. Егер сіздің жасыңыз 21-35 жас аралығында болса, қайтарымды қаржылай көмек алуға болады. 1 мамырдан бастап ASSYLTAS BUSINESS HELP жобасына өтінімдер қабылданады. Жас кәсіпкерлер 5 000 000 теңгеге дейін қаржылай көмек ала алады. Кәсібін дамытуға ниет еткен жастар бірнеше бағыт бойынша бақтарын сынай алады» – деп хабарлады қор.


Жарияланған мәліметтерге сәйкес Assyltas бизнес HELP жобасына келесі топтағы адамдар қатыса алады:


- 21-35 жас аралығындағы ҚР азаматтары;


 Қандай жобаларға басымдық беріледі?


- салауатты өмір салтын қалыптастыру;


- өндіріс;


- қазақ тілін дамыту жобалары;


- мобильді қосымшалар;


- ұлттық өнер.


Өтінімдер 1 мамыр мен 1 маусым аралығында қабылданады. Жеңімпаз 10 маусым күні анықталады. Айта кетейік, былтыр осы жоба аясында 14 адам бизнесін дамытуға қаржылай көмек алған болатын.


 


Жоба туралы толық ақпарат: https://assyltas.kz/business-help/

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09