Асқар Мамин Өзбекстан Республикасының көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесті

Асқар Мамин Өзбекстан Республикасының көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесті Рrimeminister.kz

Тараптар биылғы жылдың 29 шілдесінен бастап аптасына 2 рет жиілікпен «Ақтөбе – Нөкіс» бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашуға келісті.


ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Өзбекстан Республикасының көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrimeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Пандемияға қарамастан, Қазақстан мен Өзбекстан арасында жүк тасымалының барлық түрлері бойынша көрсеткіштердің артқаны байқалады.


Тараптар транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, атап айтқанда, жүк тасымалын ұлғайту, теміржол және автомобиль көлігін дамыту, бірлескен ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.


Қазақстанның Өзбекстанмен стратегиялық серіктестігі транзиттік-көлік саласын қоса алғанда, барлық бағыттарда қарқынды дамып келеді. Қазақстан мен Өзбекстан тараптары өзара сауда көлемін ұлғайту үшін көлік-логистика әлеуетті арттыру бойынша шаралар қабылдап жатыр.


2021 жылғы қаңтар-мамырда тауар айналымы 46%-ға өсіп, $1,5 млрд құрады. ҚР-ның ӨР-ға экспорты 58,4%-ға ұлғайды. Пандемияға қарамастан, Қазақстан мен Өзбекстан арасында жүк тасымалының барлық түрлері бойынша көрсеткіштердің артқаны байқалады. Тек 2021 жылдың І тоқсанында контейнерлік тасымалдар 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57% өсіммен 233,9 мың ЖФЭ-ге дейін артып келеді. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі осы жылдың 6 айында 18%-ға өсіп, 1,3 млн тоннаны құрады.


Тараптар биылғы жылдың 29 шілдесінен бастап аптасына 2 рет жиілікпен «Ақтөбе – Нөкіс» бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашуға келісті. Қазіргі уақытта ҚР мен ӨР арасында аптасына 32 рейс орындалады.


Кездесу барысында тараптар бірлескен ірі инфрақұрылымдық жобаларды — «Дарбаза – Мақтаарал» жаңа теміржол желісін, «Түркістан – Шымкент – Ташкент» жоғары жылдамдықты магистралін салу, т. б. іске асыруды талқылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26