Ажырасқан әйелдерге әлеуметтік желілерде өз пікірін білдіруге тыйым салмақ

Ажырасқан әйелдерге әлеуметтік желілерде өз пікірін білдіруге тыйым салмақ
almaty-akshamy.kz

Қырғызстанда ажырасқан әйелдерге әлеуметтік желілерде өз пікір білдіруге тыйым салмақ.

Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров әлеуметтік желіде өз пікірін білдіретін әйелдерге шектеулер енгізуді ұсынды. Ол өзінің орынбасары Эдил Байсаловқа әлеуметтік желілерде пайда болатын жарияланымдарға мониторинг жүргізуді тапсырды.

Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, ажырасқан әйел күйеуі мен оның ата-анасы туралы теріс пікір білдірмеуі тиіс.

«Біз дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызға қайшы келетін ақпараттың таралуын шектеуіміз қажет. Кейбір келіндер туған әкесін мақтап, қайын атасы мен қайын енесін даттайды. Ал ажырасқан кезде олар өз пікірлерін әлеуметтік желіде білдіреді. Бұл үлгі алар үрдіс емес» — деді министрлер кабинетінің төрағасы.