Бәріңізге рахмет! Елена Рыбакина елге оралды

Бәріңізге рахмет! Елена Рыбакина елге оралды сурет: Baq.kz

Елорда әуежайында Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинаны жанкүйерлері қарсы алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.



«Ертең сағат 15:00-де барлық маңызды сұрақтарыңызға жауап беремін. Келгендеріңізге көп рахмет!» - деп қысқа қайырды Рыбакина.



Үлкен теннис шебері қазақстандық теннисшілер арасында тұңғыш рет жекелей сында «Үлкен дулыға» додасының жеңімпазы атанды.


Еске салайық, Рыбакина Уимблдонда әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен бас жүлдені сарапқа салған еді. 1 сағатқа созылған кездесуде жерлесіміз үш сетте 3:6, 6:2, 6:2 жалпы есебімен жеңіске жетті.
Сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Мәдениет және спорт министрлігінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы Елена Андреевна Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38