«Балалар филармониясы» атты жаңа жоба іске қосылады

«Балалар филармониясы» атты жаңа жоба іске қосылады Сурет: Egemen.kz

«Балалар жылы» аясында «Қазақконцерт» қабырғасында кешенді жаңа жоба - «Балалар филармониясы» атты оқушылар абонементі іске қосылды.


Жобаның негізі мақсаты - жас дарындарды өнер әлемінде үйлесімді дамытып, сұлулық пен әдемілікті дұрыс ұғынуға жетелеп, оларда сезім байлығын қалыптастыруға түрткі болу, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жоба аясында ұйымымыздың шығармашық ұжымдары дәріс-концерттерді ұсына отырып, өнерімен топ жарған майталмандарымыз жас мамандарды даярлауда өздерінің кәсіби шеберліктерімен бөліседі.


Атап айтсақ, «Қазақтың музыкалық аспаптары», «Классикалық музыкалық аспаптар», «Мюзикл дегеніміз не?», «Домбырадағы орындаушылық  мектептер» атты дәріс-концерттер, сондай-ақ вокалдық, актерлік, би секілді сұңғат өнердің түрлері бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.


Сонымен қатар жоба абонементін пайдаланушы «Қазақконцерттің» ұйымдастыруымен өтетін отандық кинокөрсетілімдер мен таңдамалы концерттерді тамашалай алады.


«Балалар филармониясы» жобасы биылғы жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында әр сенбіде сағат 12.00-де өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07