Басты назарда ел қауіпсіздігі

Басты назарда ел қауіпсіздігі Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

    Жоғарғы Бас Қолбасшы өзінің Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан экономикалық бағдары» Жодауында еліміздің Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қорғаныс- өнеркәсіп кешенін жан- жақты нығайту қажеттігіне баса назар аударды.


  Жолдауда қару- жарақ пен әскери техниканың импорттық жеткізілімдеріне тәуелділікті азайту үшін локализацияның жоғары үлесі бар өндіріс циклын құру маңызды міндет болып отыр.


  Техниканы шұғыл жөндейтін өндіріс орындарының қуатын арттырып, отандық кәсіпорындарға барынша қолдау көрсеткен жөн. Бізде оған қажетті материалдар- техникалық база, білік пен тәжірибе және мамандар бар. Тек оларға құзырлы мекемелердің тапсырысы керек.


  Заманауи технология трансфертін жасау және жаңа өзгерістер ашу жұмысын жалғастырған жөн.


   Арнаулы қорғаныс- өнеркәсіп кешенін дамыту қоры арқылы өз кәсіпорындарымызға тікелей қаржылық қолдау көрсетіледі,- деп атап өтті ел қорғанысы жөнінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.


    Осылайша еліміздің Жоғарғы Бас Қолбасшысы айналамыз аласапыран болып жатқан кезде  еліміздің қауіпсіздігін нығайтып, қорғаныс саласын күшейтудің өте қажетті қадам екендігін нақтылап берді.


      Ел қауіпсіздігінің басты саласының бірі ұланғайыр жері бар мемлекетіміздің шекара күзеті. Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік шекарасын күзету Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында заманауи жаңартылған  техникалардың көмегімен күзетіліп келеді. Жыл сайын желдің өтінде, елдің шетінде шекара күзетінде жүрген шекарашылардың шекара шебін шегендеуде өздерінің кәсіби біліктіліктерін жоғары деңгейде шыңдаумен қатар, жаңа озық технологиядағы шекара күзетіне арналған құрал- жабдықтармен қамтамасыз етіліп келе жатқандығын айта кеткен жөн. Бірақ соған қарамастан мемлекеттік шекара күзетінде жүрген шекарашылардың да өзіндік проблемалары баршылық. Енді, міне, Жоғарғы Бас Қолбасшының халыққа арнаған сындарлы Жолдауынан кейін шекарашылардың  да түйіні шешілмей жатқан кейбір мәселелерінің де күн тәртібінен түсіп, оңтайлы істер атқарыла беретіні сөзсіз.


 


.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04