Бір-бірімізді қуантып жүрейік

Бір-бірімізді қуантып жүрейік
almaty-akshamy.kz

Артуш КАРАПЕТЯН, меценат, республикалық «Наири» армян мәдени орталықтары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің құрметті төрағасы:

Бүгін – ерекше күн! Көктемнің алғашқы күнімен ілесе келген Алғыс айту күні! Таңертең ояна салып, бірінші отбасыма алғысымды білдірдім. Олардың әркез жаныма жалау болып жүргені үшін бақыттымын. Сосын жұмыс орныма келіп, қанаттаса еңбек етіп жүрген әріптестеріме рахмет айттым. Бүкіл қазақстандыққа, Қазақ еліне рахмет айтамын. Осы топырақта туып, осы жерде өсіп-өндім. Менің барлық жетістік, табысыма шынайы қуана білген отандастарыма әркез тілекшімін. Өзім де Тәуелсіз Қазақстанның дамуына, гүлденуіне үлес қосып жүргенімді мақтан етемін. Отандық өнімді әркез қолдауға әзірмін.

"Рахмет" сөзі жүректерді жылылыққа, нұрға толтырады. Сол шабытпен, сол көңілмен сіз барып тағы бірнеше адамды куантасыз. Бұл деген жақсы ғой. Бір-бірімізді әрдайым қуантып жүрейік. Сонда жетістік атаулының бәрі өзі-ақ жанымыздан табылады.