Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көбі Алматы қаласында

Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көбі Алматы қаласында Сурет: Aykin.kz

1 қыркүйекте 382 мыңға жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.


Бірінші сыныпқа баратындардың 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көбі Алматы қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында тіркелген.


Балаларды қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдау бойынша ең жоғары көрсеткіш Шымкент қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында байқалып отыр.


Жаңа оқу жылында 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті - 188 900 оқушы.


Жалпы, 2023-2024 оқу жылында мектептерде 3,9 миллионға жуық қазақстандық білім алады.


55 мың бала оқу жылын жаңа мектепте бастайды.


2023 жылдың соңына дейін жаңа 132 мың орындық білім беру ұйымдары пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.


Елімізде барлығы 7,7 мың орта білім беру ұйымы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:06

09:34

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45