Боралдай сақ қорғандарының аумағына 100 түп ағаш отырғызылды

Боралдай сақ қорғандарының аумағына 100 түп ағаш отырғызылды Сурет: Almaty-akshamy.kz

Кеше әлемде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау  күні атап өтілді. Дүниежүзілік мұра күні деп те аталатын бұл күнді 1983 жылы ЮНЕСКО-ның ескерткіштер мен көрікті жерлерді қорғау жөніндегі Халықаралық кеңестің (ICOMOS) Ассамблеясы белгіледі. Ол бүкіләлемдік мәдени мұраны қорғау және сақтау мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару мақсатында құрылған.


«Алматы – біздің ортақ үйіміз» экологиялық акциясы аясында Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай,  «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркінің аумағына да 100 түп ағаш отырғызылды.



«Қаламызда бүгінгі күні мемлекеттің қорғауына алынған 161 тарихи және мәдени құндылығы бар ескерткіш орналасқан. Оның ішіне археологиялық, архитектуралық, монументалды өнер ескерткіштері кіреді. Бүгін солардың бірі әрі бірегейі "Боралдай сақ қорғандарында" Алматы қаласы музейлер бірлестігі ұжымы археологиялық парк аумағында тазалық және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Қаламыздың тазалығы, ең бірінші қала тұрғындары үшін керек.  Әр азаматымыз және өскелең ұрпақ тарихымызды білу керек. Тарихымызды білсек, біздің болашағымыз жарқын болады. Әрбір ұлттың болмысын ашатын, сол ұлттың мәдениеті, салт-дәстүрі және әдет-ғұрыпы. Тарихымызды біліп, салт-дәстүрімізді құрметтейік», – дейді Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова.



Табиғатты аялау акциясына алматылық оқушылармен, студенттермен, музейлер қызметкерлерімен бірге актриса, «Томирис» фильмінің басты кейіпкері Альмира Тұрсын, танымал блогерлер Иван Червинский мен Нұрқожа Ерсайын қатысты.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00