Дәрігердің «жүгі» жеңілдеді

Дәрігердің «жүгі» жеңілдеді Сурет: интернеттен

1 мамырдан бастап медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттері жеңілдетілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң заңдық және қаржылық қорғау жүйесін енгізуге және медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.



Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл әрекеттер абайсызда адам денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса, 100 АЕК (369 200 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді, не болмаса сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не қоғамдық жұмыстарға жегіледі. Не болмаса 100 сағат немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қолданылады.



Егер абайсызда науқастың денсаулығына ауыр зиян келтірілсе, 2000 АЕК (7 384 000 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не болмаса екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.


Егер медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттері абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырса, онда төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, екі немесе одан да көп адамның қайтыс болуы - алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42