Бостандық ауданында қандай емханалар салынады?

Бостандық ауданында қандай емханалар салынады?
Сурет: ашық дереккөз

Алматы қаласының Бостандық ауданы тұрғындарының уақтылы медициналық көмекке деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жыл сайын көбірек емханалар салынуда. Әлеуметтік нысандар туралы ақпаратты Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  

Медициналық мекемелерге жүктемені азайту мақсатында ағымдағы жылы 5 денсаулық сақтау нысанын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу жоспарланған.

Медициналық мекемелерге жүктемені азайту мақсатында әрқайсысы 500 орындық екі жаңа емхана салу жоспарланған. Әл-Фараби даңғылы мен Сырғабеков көшесінің қиылысындағы алғашқы емхана үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу 2023 жылғы ақпанда басталды. Мемлекеттік сараптама жыл соңына дейін беріледі күтіледі.

Екінші емхана Гагарин даңғылы мен Левитан көшесінің қиылысында орналасады. ЖСҚ наурызда басталған, мемлекеттік сараптаманы биылғы жыл соңына дейін беру жосапрланған. 
 
Қолданыстағы №4 (Орбита - 2 балалар бөлімшесінің ғимараты) және №12 екі емханаға күрделі жөндеу жүргізіледі деп күтілуде.  Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2024 жылдың бірінші тоқсанында бастау жоспарлануда.
 
Денсаулық сақтау объектілерін салу бойынша 2020-2024 жылдарға арналған «Жаңа Алматы» кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде «Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының» операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесінің корпусының құрылысы жүргізілуде (2021 ж. тамыз-2023 ж. желтоқсан).