Димаш Құдайберген діндер съезі аясында өнер көрсетті

Димаш Құдайберген діндер съезі аясында өнер көрсетті

Әнші әлемдік үйлесімділік идеясына негізделген синглді ұсынды.


Димаш Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі аясында өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.


VII съезд делегаттары мен қатысушыларына арнап ұйымдастырылған «Саналуандық бірлік» атты концерттік бағдарлама бірқатар белгілі әрі талантты өнерпаздарды бір алаңда жинады.  


13 қыркүйекте «Астана Опера» театрында өткен арнайы шарада әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жаңа шығармасын орындады.


Кеш барысында әлем жұлдызы Димаш Құдайберген көрермендерге тұжырымдамасы адамзат қоғамындағы өзара сыйластық пен келісім принциптері сақталған жағдайда ғана қол жеткізуге болатын әлемдік үйлесімділік идеясына негізделген синглді ұсынды. Сондай-ақ, әнге діни және рухани құндылықтар адамдар арасындағы жалпыға ортақ бейбітшілік пен келісімге жетудің ең маңызды бағдары екені арқау болған.



Димаш бұл шығарманы жазуды 3 жыл бұрын бастаған болатын. Ұлым композицияға барынша жауапкершілікпен қарады, бар ынтасын салды. Жаңа туындының музыкасының авторы да өзі. Алғашында ізгілік пен татулықты тыңдарман бойына сіңіретін жыр жазу, халық бірлігін көрсету керек деген ой ғана болды, – деп атап өтті музыканттың әкесі Қанат Айтбаев жаңа ән туралы.



Концерт бағдарламасы аясында съезд қатысушыларына арнап Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыркөзов, Бибігүл Жанұзақ, Нұрболат Арзамас, Жәмилә Жарқымбаева, халықаралық байқаулардың лауреаты Жақсыкелді Маясаров, П.И.Чайковский халықаралық байқауының лауреаты Ақбике Алғи секілді әртістер өнер көрсетті.  Сондай-ақ шараға «Астана Опера» театрының хоры, балет труппасы мен симфониялық оркестрі, домбырашылар ансамблі, Мемлекеттік республикалық академиялық корей театрының би тобы, «Астана Опера» балалар хоры, «Астана балет» театры, «Астана сазы» ансамблі және басқа да бірқатар би ұжымдары қатысты. 



Съез бағдарламасында мәдени шаралардың тұтас топтамасы ерекше орын алуы кездейсоқтық емес. Мәдениет пен өнер – қоғамның рухани дамуының ажырамас серігі, тіпті шарты. Ал бүгінде бүкіл әлем идеологиялық-құндылық дағдарысын бастан өткеріп, қоғам үшін аса маңызды моральдық нұсқауларды іздеп жатқанда бұл жайттың маңызы зор, – деді VII съездің ресми өкілі Назым Жанғазинова.



Айта кету керек, Қазақстанда «Саналуандық бірлік» атты біріктіруші қағидатқа негізделген конфессияаралық келісімнің бірегей моделі қалыптасқан. Ол бейбітшілік идеяларын және рухани құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған діннің барлық түрлеріне төзімділікпен қарауға негізделген. 


Өз кезегінде, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің ең маңызды міндеттері - дінаралық және конфессияаралық диалог дәстүрлерін нығайту, діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністікті тереңдету, заманауи қоғамда толеранттылық пен өзара құрмет мәдениетін дамыту.


VII съездің негізгі күн тәртібінде адамзаттың пандемиядан кейінгі кезеңдегі әлеуметтік-рухани даму жолдарын талқылау болады деп күтілуде.


VII съезд жұмысына әлемнің 50 елінен 100-ден астам делегация қатысады. Делегаттар арасында Рим Папасы Франциск, әл-Азхардың жоғарғы имамы шейх Ахмад ат-Тайеб, Израильдің бас ашкенази раввині Давид Лау, Израильдің бас сефард раввині Ицхак Иосиф және басқа да діни жетекшілер бар.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04