Елімізде балабақшаға тұру кезегі азайған

Елімізде балабақшаға тұру кезегі азайған Сурет: Qazaqstan.tv

Балабақша кезегінде неше бала тұр?


Республика бойынша балабақшаға баруы тиіс 250 мыңнан астам бала кезекте тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  


Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева айтты.



"Бүгінде республикада 11104 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оларға 1 млн 115 мың 460 бала барады. Балабақшалар, шағын орталықтар мен білім ордаларының мектепалды топтарында 336 614 балаға мектепалды даярлық топтары ұйымдастырылған", - деді спикер.



Оның сөзінше, елімізде соңғы 4 жылда балабақшаға тұру кезегі екі есеге азайды.



"2-6 жастағы балаларды қамту – 89,4%, 3-6 жастағы балаларды қамту 98,3%-ды құрады. Десек те, балабақша кезегі әлі сақталуда. 2022 жылдың аяғында республика бойынша 1-6 жастағы 250 мыңнан астам бала кезекте тұр. Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру аясында 3 жыл ішінде 222 340 жаңа орын ашу жоспарланып отыр", - деді Наталья Жұмаділдаева.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09