Елімізде сары майға сұраныс артқан

Елімізде сары майға сұраныс артқан Сурет: Gastronom.ru

Бірақ өндіріс азайған.


Биыл Қазақстанда сары май өндірісінің көлемі былтырғымен салыстырғанда 12,6%-ке төмендеп, бағасы 15% қымбаттаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.


Өңірлер бойынша сары май бағасы Маңғыстау облысында күрт қымбаттап, жыл басынан бері 29%-ке өскен.



Жалпы, ел бойынша қаңтар-шілде аралығында 13,9 мың тонна сары май өндірілді. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 12, 6 пайызға кем. Қаңтар-мамыр аралығында отандық өндірушілер сары майға деген сұраныстың 71 пайызын қамтамасыз етті. Өткен жылы бұл көрсеткіш 83,6% болды. Нәтижесінде импорт бірден 83,5%-ға артты.



Шілде айының қорытындысы бойынша, тұздалмаған сары майдың бағасы бір айда 1,2 процентке, бір жылда 17 пайызға өскен. Жыл басынан бергі өсім 14,7%-ды құрады.


Тұздалмаған сары майдың бір келісінің елдегі орташа бағасы 3,3 мың теңге шамасында. Ірі қалалар ішінде Павлодарда бір келі май бағасы 2,7 мың теңге, ал Атырауда 4,3 мың теңгеге жетті.


Жыл басынан бері бағаның шарықтауы Маңыстау облысында тіркелді, баға бірден 29%-ға артты. Екінші орында Шымкент қаласы (26,7%) мен Жамбыл облысы (26,4%) тұр. Ал Нұр-Сұлтан (3%) қаласы мен Алматы (5,6%) және Павлодар (7,2%) облыстарында баға біртіндеп көтеріліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04