Елімізден сұйылтылған газды шығаруға тағы жарты жыл шектеу қойылмақ

Елімізден сұйылтылған газды шығаруға тағы жарты жыл шектеу қойылмақ Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Бұйрық 14 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі. 


Қазақстанда сұйытылған мұнай газын шығаруға тағы жарты жылға тыйым салынады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



"Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды – 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды – 2711 12 940 0) және бутанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды – 2711 13 970 0) автомобиль және теміржол көлігімен шығаруға алты ай мерзімге тыйым енгізілсін", – делінген энергетика министрінің бұйрығында.



Тыйым салынбайды:



1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не Қазақстан Республикасының президенті бекіткен жер қойнауын пайдалану келісімшарты шеңберінде өндірісті жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылардың шығаруына;


2) Қарашығанақ кен орнында қазақстандық шикізаттан өндірілген (қайта өңделген) тауарларды Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шығаруға;


3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде басталатын және аяқталатын орны ауыстырылатын транзиттік тасымалдарға.


Бұйрық 14 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36