Ерекше орамалда аналардың өз қолтаңбасы бар

Ерекше орамалда аналардың өз қолтаңбасы бар Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қалалық Психикалық орталығы «SenQ» брендінің жетекшісі Жәмила Сейітжанмен және суретші Дария Қасымовамен бірлесіп, «Менің авторлық орамалым» атты ерекше шеберлік дәрісін ұйымдастырған болатын.


Оған ерекше балалар тәрбиелеп отырған 15 алматылық әйел-ана қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл жобаның мақсаты – ерекше балаларды бағып-қағып, перзентіне ғұмырын арнап жүрген аналарға қуаныш, жақсы күн сыйлау және  психикалық ауруларға шалдыққан жандардың өзекті мәселесіне қоғам назарын аудару.


Жобаға қатысқан әйелдерге арт-терапиялық шеберлік дәрісінде қиялында, түйсігінде не тұр, соны ақ қағаз бетіне түрлі бояумен бейнелеуге мүмкіндік ұсынылды. Олар алдымен арт-терапияның әдіс-тәсілдерімен танысты. Бой, ой сергітетін жаттығулар жасағаннан кейін, қылқаламды қолға алып, түрлі тақырыпта суреттер сала бастады.


– Арт-терапияда қатып қалған ереже жоқ, адам нені бейнелегісі келсе, соны қағазға түсіре береді. Жобаға қатысқан аналар көк аспанды, онда қалықтаған құстарды, жарқырған күнді, ашық түсті гүлдерді, ана мен баланы, биік-биік тауларды бейнеледі. Осылайша ерекше бала өсіріп отырған аналар бір сәтке болса да тіршілік тауқыметін ұмытып, қиялына, шабытына ерік беріп, шығармашылық әлемге саяхаттады. Мұндай арт-терапия ана мен баланы одан әрі жақындастыра түседі, олар сурет салу арқылы бірін-бірі жақсы түсінетін болады, – дейді суретші Дария Қасымова.
Бүгінде елімізде инклюзивті ортаны дамыту мәселесінің жан-жақты қолға алынып жатқаны қуантады. Ал бүгінгі арт-терапия біздің мегаполисте алғаш рет ұйымдастырылып отыр. 
«Менің авторлық орамалым» жобасының ең бір әсерлі сәті сол, оның демеушісі – отандық бренд саналатын «SenQ» дизайнерлері аналар салған қағаздағы суреттерді матаға көшіріп басты. Сөйтіп әр авторға өзі салған сурет пен есімі жазылған орамал салтанатты түрде тарту етілді. 



Сапар РАХМЕНШЕЕВ, Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының директоры:
– Бүгінде Алматы қаласы бойынша  2500-ден астам бала диспансерлік есепте тұр. Олар ақыл-есінің кемістігі бар, аутизм, шизофрения, органикалық өзгерістер диагноздары бар жеткіншектер. Орталықтың басты міндеті – осы диспансерлік бақылауда тұрған балаларды қоғамға бейімдеу. Жуырда балаларға арналған театр сыныбын ашу ойымызда бар. Бұған дейін ересектерге арналған «Қысқы бақ» ашқан едік. Енді арнайы жер бөліп, кішкентай балаларға да арнап бақ ашамыз деп отырмыз. Балалар сол баққа өз қолымен түрлі ағаш пен гүл отырғызатын болады. Біз оларға ауру деп емес, қоғамның бір мүшесі деп қарауымыз керек. Ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың да қамқорлықтан тыс қалмағаны дұрыс. Сол үшін де осы жобаны қолға алдық. Баламен жүріп өзін ұмытып кететін әйел-аналарға осылай қолдау көрсетуді дәстүрге айналдыруды көздеп отырмыз. Алдағы уақытта ерекше бала тәрбиелеп отырған әкелерді де қатыстырсақ дейміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55