Федор Емельяненко «Құрметті профессор» атанды

Федор Емельяненко «Құрметті профессор» атанды Сурет: Қазақпарат

Ол аралас жекпе-жектен аса ауыр салмақта әлемнің бірнеше дүркін чемпионы




Аралас жекпе-жектен Ресейдің танымал спортшысы Федор Емельяненко Қазақтың спорт және туризм академиясына барып, студенттермен кездесу өткізді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Басқосу барысында ол студенттерді қызықтырған сауалдарға жауап берді. Ал академия ректоры Бауыржан Қайратұлы Федор Емельяненкоға «Құрметті профессор» атағын салтанатты түрде табыс етті. 


ММА шебері қонақжайлылық танытқан алматылықтар алғысын жеткізді.



«Мені керемет күтіп алды, қазақ жанкүйерлерінің махаббатын сезіндім. Алматыға бірінші рет келдім, адамдарына да, қалаға да тәнті болдым. Құдай қаласа, тағы келемін деп үміттенемін», - деді Емельяненко.



Федор Емельяненко – аралас жекпе-жектен аса ауыр салмақта түрлі дивизион бойынша әлемнің бірнеше дүркін чемпионы. Ол 47 жекпе-жек өткізіп, соның 40-да жеңіске жеткен. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20