Кәсіпорын қызметкерлері 100-ден астам ағаш отырғызды.

Кәсіпорын қызметкерлері 100-ден астам ағаш отырғызды. Сурет видео скрині

Түрксіб ауданының 20-дан астам бизнес-субъектілері "Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқанын қолдайды


Алматы қаласының Түрксіб ауданында бизнес-нысандар "Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында бір-біріне экочеллендж жолдауда. Олар саябақтар, скверлер, жыралар және т.б. сияқты жалпы аумақтарды тазалауға және абаттандыруға емен-жарқын қосылады.


12 сәуір "AruEsh" кафесінің қызметкерлері (https://www.instagram.com/reel/C5qec3YiFaQ/?igsh=MTVtd3ozYmkwYmVhZA==) ауданның кәсіпорындары мен ұйымдары арасында "Таза қала" челленджі іске қосылды, бүгін челленджді ауданның ірі "Қазферросталь" ЖШС кәсіпорны қабылдады (https://www.instagram.com/reel/C5szf-nCeLA/?igsh=djM2ZmlqcWlsYnhw ), олар эстафетаны "Түрксіб жәрмеңкесі" базарына жолдады https://www.instagram.com/reel/C5tA1q_Nq12/?igsh=bXp5aHdvaDNzaW50. Өз бейнероликтерінде олар аудан тұрғындарын 15 сәуір күні сағат 11:00-де Б.Хмельницкий көшесіндегі скверде өтетін шараға шақырды.



"Қазферросталь ЖШС "Алматы – біздің ортақ үйіміз" қалалық науқаны аясында "Таза қала" челленджін қабылдады. Бүгін біз Кіші Алматы өзенінің жағалауын таэартамыз, қоқыс шығарумен және аумақты көгалдандырумен айналысамыз. Біз эстафетаны "Түрксіб жәрмеңкесі" базарына жолдаймыз”, - дейді компания бас директорының м.а. Төлеген Тәжібаев.


Кәсіпорын қызметкерлері 100-ден астам ағаш отырғызды.


Жалпы ауданда бірінші аптада бұл бастаманы 20-дан астам бизнес субъектілері, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, Әуежай, базарлар, сауда ұйымдары, кафелер және басқалар қолдады.


Еске салсақ, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады. 


Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.


Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59