Қант бағасын көтерген Алматы кәсіпкерлеріне айыппұл салынады

Қант бағасын көтерген Алматы кәсіпкерлеріне айыппұл салынады Сурет: Inbusiness.kz

Мамандар дүрлігуге жол бермеуге шақырады.


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті баға мониторингінің нәтижелері бойынша қант бағасының алыпсатарлық өсу белгілерін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қазіргі уақытта нарық субъектілерінің басым үлесін айқындау мақсатында ірі өнім берушілердің атына сұрау салулар жіберілді. Монополияға қарсы талқылау қорытындылары бойынша тиісті ден қою шаралары қабылданатын болады», - делінген департаменттің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Монополияға қарсы департамент дүрлігуге жол бермеуге шақырады және бәсекелестікке қарсы келісімдер, келісілген іс-әрекеттер нәтижесінде алыпсатарлық бағаның өсуі, сондай-ақ үстем жағдайды теріс пайдалану монополиялық табысты (таза пайданы) тәркілей отырып, табыстың 3-5%-ы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21