«Қазақмыс» компаниясында қайғылы жағдай орын алды

«Қазақмыс» компаниясында қайғылы жағдай орын алды
almaty-akshamy.kz

«Қазақмыс» компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде жазатайым оқиға болған.

Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ. Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері өлімге алып келетін жарақаттар алды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр, – делінген компания хабарламасында.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.