Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрлері Түркияда кездесті

Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрлері Түркияда кездесті
Сурет: ҚР СІМ

Олар қазақ-ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Анталия дипломатиялық форумы аясында премьер-министр орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Кездесу барысында тараптар елдер арасындағы қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалады, сондай-ақ қазақ-ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Министрлер сондай-ақ алдағы іс-шаралардың күнтізбесін қарап, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша "сағаттарын теңестірді", - деп хабарлады ҚР СІМ.

Сонымен қатар Нұртілеу Өзбекстан сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен, Әзербайжан сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен, Словакия сыртқы істер министрі Юрай Бланармен, Солтүстік Македония сыртқы істер министрі Буяр Османимен және Молдова сыртқы істер министрі Михаил Попшамен бөлек келіссөздер жүргізді.