Қазақстан Президентін өзбекстандық және қырғызстандық әріптестері құттықтады

Қазақстан Президентін өзбекстандық және қырғызстандық әріптестері құттықтады Сурет: Arnapress.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыс тіледі.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан және Қырғызстан басшылары кезектен тыс өткен Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан және Өзбекстан Президенттері екі елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы көпжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайта беретініне ниетті екенін жеткізді.


Әңгімелесу барысында тараптар қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23