Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі
Сурет: Life09.kz

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізілетін болды.

Бұған дейін ғалымдар мен сарапшылардың қызу талқысында болған мәселеге Сауда және интеграция министрлігі нүкте қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазір тиісті түзетулер жобасы дайындалды. Енді 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады. Осылайша, еліміздің барлық аймағы 5-ші сағаттық белдеуде орналасады.

«Мысалы Қостанайда жазда 11-ге дейін күн батпайды. 11-ден кейін ғана 12-ге жақын күн бата бастайды. Бірыңғай белдеу болғасын басқару және экономикалық жақтан оң әсер етеді. Екінші жақтан денсаулыққа оң әсер етеді», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еркін Әбіл.