Қазақстандық фильм Канн фестивалінде гран-приге ие болды

Қазақстандық фильм Канн фестивалінде гран-приге ие болды Сурет: facebook.com/cannes7thartawards


Қазақстандық режиссерлер Әзиз Заиров пен Мұхаммед Мамырбековтің беделді марапатқа ие болды. «Шеше, мен тірімін!» атты әлеуметтік драмасы әйгілі Канн фестивалінде Жібек жолы елдері номинациясы бойынша гран-при жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Әзиз Заировтың айтуынша, туынды пандемия кезеңінде түсірген.


«Түсірілім қиын жүрді, өйткені пандемия кезіне сәйкес келген болатын. Мен түсірілімнен бір күн бұрын коронавирус жұқтырғанымды білдім. Алғашқы 12 күнде онлайн жұмыс істеуіме тура келді. Досым менің орынма түсірілім алаңына барып, мені Zoom арқылы ұжыммен байланыстырып жүрді. Қалған бөлігінде өзім тікелей араластым.


Бұл фильм бүкіл аналарға арналған әнұран іспетті. Туынды арқылы онкология мәселесін ашқымыз келді. Фильмнің режиссері мен сценарий авторы Мұхаммед Мамырбеков екеуіміз. Басты рөлдерді Сұлтанна Шеңгел, Адель Махмұтова, Ілияс Аутов, Асланби Медеулов сомдады. Қоюшы режиссер де Мұхамед Мамырбеков екеуіміз. Қоюшы-оператор – Қазбек Әміржанов. Қоюшы-суретші – Алексей Филимонов. Композитор – Әсел Омарова. Дыбыс инженері – Илья Коробейников», - дейді Әзиз Заиров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55