Қазақстандық оқушылар Балқан түбегіндегі ең мықты жас математиктердің үштігіне кірді

Қазақстандық оқушылар Балқан түбегіндегі ең мықты жас математиктердің үштігіне кірді Сурет: Gov.kz

Болгарияның Варна қаласында математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы (BMO) аяқталды.


Оған 22 елден 130-дан астам оқушы қатысты. Білім додасында біздің оқушыларымыз жалпы командалық үшінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 


Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 2 қола бар.


Алтын: Жан Даутов — Қостанай қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;


Күміс: Әмірлан Аманжолов — Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы; Мирон Юркевич — Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы; Марғұлан Шарел — Тараз қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;


Қола: Тимур Мұрат — Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы; Әмір Сахипов – Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы.


Жетекшілері - PhD докторы, профессор, KBTU-нің академиялық сұрақтар жөніндегі проректоры Асылбек Исахов және математикадан республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Қанат Сатылханов.


Айта кетсек, Қазақстан құрама командасының математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысуы - биылғы жылдың 11-24 шілде аралығында Ұлыбританияда өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалу және тәжірибе жинақтау болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04