Қазақстандық спортшылар алғашқы жарыс күні 4 медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар алғашқы жарыс күні 4 медаль жеңіп алды Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Суға жүзуден Түркияның Эдирне қаласында өтіп жатқан бәсекеде қазақстандық спортшылар алғашқы жарыс күні 4 медаль жеңіп алды.



Атап айтсақ, әйелдер арасында 50 метрге брасс әдісімен жүзуден Аделаида Пчелинцева 31.59 уақыт көрсеткішімен екінші орынға тұрақтаса, 100 метрлік еркін әдістен Даниела Дю 56.37 уақыт көрсеткішімен күміс жүлдені қанжығасына байлады.


Ал ерлер арасында 100 метрмен еркін әдіс бойынша жүзуден Әділбек Мусин жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінсе, әйелдер арасында 50 метрге шалқалап жүзуден Ксения Игнатова қола медальға қол жеткізді.


Ертеңгі жарыс күнінде 12 спортшымыз жүлдеге таласады.


Айта кетсек, аталған біріншілікте әйелдер арасында Диана Тасжанова, София Сподаренко, Ксения Игнатова, Аделаида Пчелинцева, Даниела Дю сынға түссе, ерлер арасында Әділбек Мусин, Арсен Қожахметов, Егор Василенко, Максим Сказовцов, Даниил Черепанов, Егор Попов жүлдеге таласады.


Жалпы 3 күнге жалғасатын бәсекеде 453 спортшы бақ сынайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20