Қазақстандық теннисшілер Мароккодағы жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисшілер Мароккодағы жарыстың ширек финалына шықты Сурет: Prosports.kz

Ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.


Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Марракеш (Марокко) ATP 250 жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.


Турнирдің 1-ракеткалары болып тіркелген Андрей Голубев франциялық Фабрис Мартенмен бірге бастапқы кездесуін нидерландылықтар Таллон ГрикспурБотик Ван де Зандшульппен өткізді. Тартысты өткен матчта бірінші партияда нидерландылық жұп тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (8:6). Екіншісінде Голубев пен Мартен есе қайырды – 7:6 (7:2). Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:6. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық-франциялық жұп 2 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Қарсыластары 3 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) көзге түсті.

Александр Недовесов пәкстандық Айсам Курешимен бірге доданың 2-ракеткалары, бельгиялықтар Сандер ЖиллеЙоран Флигенді бір сағаттан сәл астам уақытта 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Недовесов пен Куреши 4 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Бельгиялық жұп 4 эйспен шектелді. Қазақстандықтардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22