Кірістер департаменті бөлім басшысының үйінен 129,4 млн теңге тәркіленді

Кірістер департаменті бөлім басшысының үйінен 129,4 млн теңге тәркіленді Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС (қосылған құн салығы) аудит бөлімінің басшысы ұсталды.



Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингіде айтылды. 




«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС (қосылған құн салығы) аудит бөлімінің басшысын ұстады. Ол 36 млн теңге сомасында ҚҚС қайтару бойынша оң шешім қабылдағаны үшін кәсіпкерлік субъектісінен 3,6 млн теңге сомасында пара алған», - деді Антикордың ресми өкілі Данияр Бигайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында. 




Оның айтуынша, тінту барысында оның үйінен 129,4 млн теңге тәркіленіп, тексеріліп жатыр. 




«Күдікті соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», - деді ол. 



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:10

11:47

11:30

10:57

10:06

09:34

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19